Текст
Бурабай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды әдістемелік сүйемелдеу шеңберінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларымен нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізді.Отырыста 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанының қорытындысы бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, педагогикалық этика мәселелері, Kundelik электронды журналын толтыру, аудан педагогтарының onlain-mektep сервисін Bilimlend електронды плафтормасын пайдалану мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша электрондық құжаттар пакеті ауданның білім беру ұйымдарына жіберілді.