2020 жылғы ақпанның 06-нан 07-не дейін Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернаты базасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 8 -11 сынып оқушылары арасында «Абай жаққан бір сәуле» атты облыстық ақындық мүшәйрасы өткізілді.
Бурабай ауданы бойынша аудандық сайыстың жүлдегерлері Щучинск қаласыны №7 МЛ-нің, №9 МГ-ның, Абылайхан атындағы ОМ-нің оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 2-деңгейлі диплом және сыйлықты: Щучинск қ. №9 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр иеленді;
3-деңгейлі дипломмен және сыйлықпен: Щучинск қ. №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қайратбек Құлия иеленді .
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Оқушыларымызға бұдан да әрі шығармашылық табыс тілейміз!