Текст
С. Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Дифференциация арқылы сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту» тақырыбы бойынша мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері үшін аудандық семинар-практикумы өтті. Тәрбиешілері А.Б. Абдрахманова және Е.Л. Липовая ашық сабақ пен ашық іс-шара өткізді. Оқыту бөліміне Ж.А. Кожакова, Н.Т. Омарова, М.Л. Гиль қатысты.
Сабақты талдау бойынша презентация көрсетілді. Семинар практикалық бөліммен аяқталды. «Балалармен жұмыс кезінде белсенді әдістер мен формаларды қолдану» атты коучинг өткізілді.