22 ақпан күні МКҚК «Ақбота» бөбекжайы педагогтардың тәжірибе алмасуға арналған семинар тақырыбы «МД білім беру іске асыру «Таным » білім беру саласы инновациялық тәсілдерді қолдану» бойынша өткізілді.
Бурабай ауданы бойынша 46 тәрбиеші қатысты. МКҚК «Ақбота» бөбекжайы директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна сөз сөйлеп семинарды бастады. Бахыт Асылбековна кіріспе сөзінде актуалды мәселелерді атап өтіп,баяндама оқитын педагогтарды таныстырды.
Семинар қызықты, көңілді өтті. Барлық катысушылар «Таным» білім беру саласы бойынша білім, біліктерімен бөлісті. «Таным»білім беру саласында инновациялық технологияларын қолдану тәжирібелерін көрсетті. МКҚК «Ақбота» бөбекжайы тәрбиешілері шебер-сынып көрсетті: «ҚМҰҚ» -дан шебер-сынып «Ойын технологиясы арқылы танымдық қабілеттері дамыту»-Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна; құрастырудан шебер-сынып «Қиялдаймыз, құрастырамыз, жасаймыз»- Крупко Ирина Александровна. Шебер-сыныптардан тәрбиешілер өздеріне көп қызықты және жаңалықтар алды. Жолдасова Айшолпан Болатовна тәрбиеленушілерімен судың қасиеттері мен пайдасы туралы зерттеулер жасап көрсетті. Рахматуллина Арман Салимовна, ортаңғы тобына арналған сенсорикадан ҰОҚ көрсетті. Бөбекжай психологы Ботян Елена Константиновна ойын ұйымдастырды: «Педагогтың жағымсыз және оң қылықтары» шаршап жүйкесі тозған педагог бейнесін одан соң бір-біріне көмек беріп оң әсер еткен бейнесін салды. МКҚК «Ақбота» бөбекжайы семинар соңында тәрбиенушілері керемет ән-шашу концертін қойды. Семинар өз мақсатына жетті.