"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Техникалық шығармашылық: тәжірибе және келешек"» семинар-практикумы

      2020 жылдың 12-13 ақпан аралығында "Арман" ОЖСБ-да "Техникалық шығармашылық: тәжірибе және келешек"тақырыбында семинар-практикум өтуде. Семинарға қатысушылар: колледждердің және техникалық мектептердің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы бойынша қосымша білім беру әдіскерлері мен педагогтары  қатысты.

      "Арман" мектептен тыс оқу-тәрбие  орталығы қонақтарды қуана қарсы алды: бірінші қабаттың фойесінде домбыралық оркестр орналасқан, ол әйгілі күйлерді орындап, барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тіркеуден кейін қатысушылар көрме залына қатысып, қонақтар сәндік-қолданбалы үйірмелердің шығармашылығымен танысты. Одан әрі қонақтар орталықтың үшінші қабатына техникалық шығармашылық көрмесі, әдістемелік әзірлемелер ұсынылды. Мұнда балалар өздерінің жұмыстары туралы айтып берді. Бұл артсварка, робототехника және радиоэлектроника, фотостудия және ағаш өңдеу жұмыстары болды.

           Семинар-практикумды ОӘДО директоры Е.Ж.Оразов ашты. Бұдан әрі "Болашақ" балалар аула клубының жетекшісі К. А. Тұрсынов, Аршалы а.  АЮТ директоры  Б. А. Ахметов, "Техникалық модельдеу және құрастыру сабақтарында оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында баяндама жасады, "Арман" ОЖББО педагогы Т. М. Закрин, "Платформаны басқарудың негізгі элементтері" тақырыбында баяндама жасады. Шағын үзілістен кейін сөз сөйлеуді Олейник Н. Л., Ламанов И. П., Аршалы балалар үйінің педагогтары жалғастырды, олар авиамодельдік және кеме үлгілері үйірмелеріндегі жұмыс туралы айтып, семинарды аяқтады. Аршалы балалар үйінің директоры Ахметов Б. А., Ақмола облысында техникалық шығармашылықтың облыстық іс-шараларын өткізу тәртібі туралы айтып берді.
 

Түскі ас үзілісінен кейін семинарға қатысушылар үшін жоғары техникалық колледжге, орман шаруашылығы және туризм колледжіне экскурсия ұйымдастырылды, ал соңында Бурабай курорттық аймағы бойынша шолу экскурсиясы жоспарланды.

Жаңартылған күні: 12.02.2020 16:55
Құрылған күні: 12.02.2020 16:55

Ұйымдар тізімі
Текст