"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Семинар-практикум: Қазақ тілінде оқытатын мектептердің математика мұғалімдері үшін емтихандық және олимпиадалық есептерді шығару

2020 жылдың 17 қаңтарында №7 мектеп-лицейінде қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердің  математика  мұғалімдері  үшін  емтихандық  және  олимпиадалық  есептерді  шығару  бойынша   семинар-практикум өтті. Оған аудан мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар-практикум барысында «Математика  пәнінен емтиханға дайындық кезінде есептерді шығарудың дағдысын қалыптастыру» тақырыбында математика пәні мұғалімі Тауышева Майра Сатыбалдиновна іс-тәжірибесімен бөлісіп, емтиханда кездесетін қиын есептерді шығару жолдарын  көрсетті.

        2019-2020 оқу жылында оқушысы облыстық пән олимпиадасынан  ІІІ орынды иеленген  математика пәні мұғалімі Жакина Алмагүл Даурамбековна олимпиадаға қатысқан оқушысын дайындауда қолданған құралдар, оқулықтар, әдістемелермен  таныстырды.          

      Мүгжанова Күлбаршын Сабикеновна «Функционалдық сауаттылық – оқушыларға сапалы білім берудің кепілі» бойынша  күнделікті сабақта өтілген тақырыпты сауаттылық пен байланыстыратын есептерді қатысушылармен шығарып, талдады.

        Біліктілік арттырудың   тестік жүйесінде берілген  есептерді шығару жолдарымен  математика пәні мұғалімі Байгошкарова Күләш Хабиевна бөлісті.

       Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде және салт-дәстүрінде, дүниетанымындағы сандарға байланысты ұғым-түсініктердің ұмытылып қалғанын зерделеп, зерттеп, осы бағытта жинақтаған жұмысты оқушысымен қорғаған математика пәні мұғалімі Шеримова  Айнұр Серикпаевна  ғылыми жұмысымен таныстырды

ДОІЖ орынбасары

К.Ғалымжанова

Жаңартылған күні: 20.01.2020 18:00
Құрылған күні: 20.01.2020 18:00

Ұйымдар тізімі
Текст