Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...
Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 17 қаңтарында Щучинск қаласы Балалар өнер мектебінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған 8-11 сыныптар арасында « Жыр жазамын Абайдың үлгісімен » атты жас ақындар мүшәйрасы өттi.
Байқауымыздың мақсаты:
- Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармаларына деген қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың халқымыздың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру:
- Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру ;
- Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын насихаттау.
Жас ақындар мүшәйрасы 2 тур бойынша өткізіледі. 1-тур: Жас ақындардың өлең жинақтары әділқазылар алқасына ұсынылып, қатысушы өз өлеңін жатқа мәнерлеп оқып беруі тиіс. 2-тур: Қатысушыларға белгілі бір тақырып төңірегінде өлең шығаруға уақыт беріледі.(20-25 минут) Жазып болған соң өз өлеңдерін оқып береді.
«Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей , ақындар байқауына қатысушы дарынды, талантты дарабоздарымыз анықталып , байқау қорытындысын шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен ерекше көзге түскен Шучинск қаласының №7 МЛ, №9МГ,№11IT мектеп-лицейі, Абылайхан атындағы ОМ, Атамекен а ОМ оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Жас дарындар, өнерлерің өрлей берсін! Абай ақынның өшпес сөздері мен қазақтың жыр -семсері сіздерге рухани серік болсын!
Алдабергенова К.А. методист отдела образования