"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды. Оның негізгі мақсаты балалардың 5 бағыт бойынша үйірмелерде тегін сабақ алуы (қоса беріледі).
Осы жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) білім бөліміне құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлерді қоспағанда,ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже,құрылтай шарты);
3) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі жылжымайтын мүлік немесе ұйым пайдаланатын жалға беру шартының көшірмесі;
4) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелерібалалар;
5) білім алушыларды және(немесе) тәрбиеленушілерді педагогикалық оқытуға,әдістемелік сүйемелдеуге,білім беру қызметін ұйымдастыруға тиісті бейініне сәйкес педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар белгіленген үлгідегі педагогикалық білім беру құжаттарының көшірмелері, еңбек жұмыс орнынан кітапшалар мен анықтама;
6) педагогтердің біліктілігінің көшірмесі;
7) ұйымның жұмыс істегенін(тиесілі болғанын) растайтын құжаттардың көшірмелері(Жарғыға сәйкес,құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

Жаңартылған күні: 27.03.2023 12:37
Құрылған күні: 24.04.2023 18:22

Ұйымдар тізімі
Текст