"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды

     

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі 60 орындық көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының іске асырылғаны туралы хабарлайды. Оның негізгі мақсаты-балалардың үйірмелерде тегін сабақ алуы (қоса беріледі).

Осы жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін (қоса алғанда) білім бөліміне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);
жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері немесе тиісті бейін бойынша және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын өзге де кәсіптік білім, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;
педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.
Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады

Жаңартылған күні: 25.01.2024 15:55
Құрылған күні: 25.01.2024 15:55

Ұйымдар тізімі
Текст