Хабарландыру
«Бурабай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
«Бурабай ауданы білім бөлімінің Щучинск қаласының №11 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
«Бурабай ауданы білім бөлімінің Щучинск қаласының №11 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Құрылыс 28 мекенжайында орналасқан, тел. 8(71636)2-11-45, жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқыту тілі – мемлекеттік, орысша.
Біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Лауазымдық міндеттер: Білім беру ұйымының жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оның қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді. Бекітілген учаске бойынша балаларды жалпы міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбиелеу үрдісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер (педагогтар) ұйымының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Жалпы білім беру қызметіне құқық лицензиясына сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін құрайды, оқушыларды, тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Тәрбиеленуші жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын (жеке, мүліктік, үй-жайлық, еңбек және басқа) қорғайды, оларға туысқандық байланысты ұстау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданады. Тәрбиеленуші мен оқытылатындарды күтіп бағу мен ұстау жағдайын белгіленген нормадан төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру үрдісі уақытында білім беру ұйымының қызметкерлері мен оқытылатындардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығының қауіпсізідігіне қажетті жағдай жасайды.
Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс пен бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен қаржысына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны сақтау мен толықтыруды, есепке алуды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сақталуына жауап береді.
Педагогикалық кадрларды және көмекші персоналды іріктеп алу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қзыметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестациялауды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдер мен білім беру ұйымының басқа қызметкерлерін ынталандыруға және наградаларға ұсынады, жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарда өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек сінірген жылдарына қарай 113482 теңгеден жоғары.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ, 305 каб., 2020 жылғы 23 желтоқсаннан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Бурабай» газетінде, білім бөлімінің сайтында алғашқы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34, № 301 каб. мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қарауға кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда,кандидатқа Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Анықтама үшін телефон: 79-0-44, факс: 2-14-44.
Электрондық мекенжай: burabaioo@aqmoedu.gov.kz
«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ-сі