"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі ( 6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі ( 6 жасқа дейінгі ) балаларды кезекке қою". 

 Akmola.kz - мектепке дейінгі ұйымдарда кезекке қоюға өтініштерді қабылдау және орындарды бөлу бизнес-процестерінің автоматтандырылған орындалуын қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі .
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге ( қала, ауыл , кент) тиесілілігі бойынша әр туған жылы үшін балалардың туған жылы бойынша жеке қалыптастырылады..
 Өтініштер кезектерде өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.
 Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектеп жасына дейінгі кезеңде бір елді мекенде үш реттен артық емес кезекке тұрады.
Өтініш беру және кезекте тұру үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ( балалардан басқа) толық 6 жастан аспайды

Жаңартылған күні: 22.02.2023 15:29
Құрылған күні: 22.02.2023 15:29

Ұйымдар тізімі
Текст