Бурабай ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 16 қаңтарында Щучинск қ. №4 орта мектеп базасында «Жаңарту формасындағы сабақ- оқушылардың білім сапасын арттыру ресурсы ретінде. Мұғалім жұмысының тиімділігін арттыру жолдары»тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс –шараның практикалық бөлімінде Щучинск қ. №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Д.И.Дюсембекова, Н.Н.Васильева, А.М.Безухова, Т.В.Степашкина білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша сабақтар көрсетті. Семинардың теориялық бөлімінде А.А. Контарбаева «Сабақта кері байланысты ұйымдастыру- мұғалім жұмысының тиімділігін арттыру жолдарының бірі »мәселесі бойынша коучинг өткізді. Фасилитациялық сессияда бастауыш мектепте критериялды бағалау мәселесі қаралды. Семинар соңында белсенді қатысқандарға сертификаттар тапсырылды.
Марандина Е.Ю., методист отдела образования