«Бурабай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға конкурс жариялайды:
«Бурабай ауданының білім бөлімінің Қатаркөл а. Досов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры.
«Бурабай ауданының білім бөлімінің Қатаркөл а. Досов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Бурабай ауданы, Қатаркөл а. Ленин к., 290, тел. 8(71636) 91-1-81,, жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқыту тілі – мемлекеттік, орыс.
Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттер: Білім беру ұйымының жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оның қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді. Бекітілген учаске бойынша балаларды жалпы міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбиелеу үрдісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер (педагогтар) ұйымының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Жалпы білім беру қызметіне құқық лицензиясына сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін құрайды, оқушыларды, тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Тәрбиеленуші жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын (жеке, мүліктік, үй-жайлық, еңбек және басқа) қорғайды, оларға туысқандық байланысты ұстау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданады. Тәрбиеленуші мен оқытылатындарды күтіп бағу мен ұстау жағдайын белгіленген нормадан төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру үрдісі уақытында білім беру ұйымының қызметкерлері мен оқытылатындардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығының қауіпсізідігіне қажетті жағдай жасайды.
Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс пен бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен қаржысына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны сақтау мен толықтыруды, есепке алуды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сақталуына жауап береді.
Педагогикалық кадрларды және көмекші персоналды іріктеп алу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қзыметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестациялауды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдер мен білім беру ұйымының басқа қызметкерлерін ынталандыруға және наградаларға ұсынады, жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарда өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
1. еркін нысандағы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3. білімі туралы құжат көшірмесі;
4. еңбек кітапшасының көшірмесі;
5. фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7. біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
10. Тесттен өткені туралы анықтама (бар болған жағдайда)
11. Мектептің Перспективті даму жоспары
- Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметімен немесе жауапты тұлғамен расталады, мөрмен бекітіледі.
- Аталған құжаттардың бірінің болмауы Конкурсқа қатысушының құжаттарын кері қайтаруға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына кандидаттардың қолдарында болуы тиіс:
3. бірінші немесе жоғарғы біліктілік, немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатының болуы;
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
5. Сотталмағандығы туралы анықтама
Анықтама үшін телефон: 79-0-44, факс: 2-14-44.
Электрондық мекенжай: burabaioo@akmoedu.gov.kz
Бурабай ауданының білім бөлімі