"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру

 

                 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

 

Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».

БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.  

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

  • ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;
  • ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді. 

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте 10:00с. және 15:00с. онлайн форматта  өтеді. 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет bit.ly/akm-kabinet Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2519 652 9117 және event-кеңес паролін енгізу 1234 қажет.

           

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

 

Жаңартылған күні: 26.10.2022 13:58
Құрылған күні: 26.10.2022 15:44

Ұйымдар тізімі
Текст