Мен Кабдуллин Мадияр осы " Менің кіші Отаным" шығармашылық ғылыми жобасына қатысқанымда аудандық кезеңге өзіме мақсат қойдым: — Менің жобам елім деген ертеңгі ұрпаққа рухани азық болу керек"'- деген. Ия, шынымен де менің жобам ауданда да, облыста да жоғары бағаға ие болды, жүлделі 1- орынды иелендім. Міне, республикалық кезеңге жолдама беріліп, қашықтықтан зум арқылы өз жобаңды қорғайсың дегенде толқу сезімі болды, себебі офлайн арқылы қорғау көзбе көз ойыңды жеткізу әлдеқайда жеңіл секілді маған. Бірақ онлайн арқылы да ойымды нақты, дәлелді жеткізуге тырыстым. Осы еңбегімді бағалап, әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болдым. Қуаныштымын. Әлі еліме берерімнен, беретінім көп деп ойлаймын. Мұндай жобалардың біз сияқты жеткіншектерге берер тағылымы мол екеніне сенімдімін "