"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ғылымның бастауы-бөбекжайда!

27.11.2020

Ғылымның бастауы-бөбекжайда!
         Бөбекжай – мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. Бөбекжай бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді.  
            МКҚК «Ақбота» бөбекжайында 2020 жылдың қаңтарынан “Роботтар әлеміне  саяхат” атты ұзақ мерзімді  балалардың ғылыми-зерттеу жобасы  жүзеге асырылуда. Бұл жобада бөбекжай өз тәжірибесінде заманауи білім беру әдістерін, соның ішінде робототехниканы  үйренуді пайдаланып,  жаңа білім алу және оны әрі қарай пайдалану мақсатында бастамашылық пен ілтипат танытуға шақыру көзделген. 
Бөбекжайдағы ғылыми-зерттеу жұмысы: Бақылаудан –мәселені шешуге, мәселені шешуден -оның шешімін табуға, шешімді тауып, қорытынды жасаудағы іс-әрекетін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста ол жетекші, ал алғашқы үш жылда - әлемді танудың бірден-бір жолы. Ғылыми-зерттеу жұмысында бірінші кезекте балалар қарапайым нәрселерді құрастыруға машықтанса, ал жастары өскен сайын тапсырмалар қиындай түседі. Тағы олар бағдарламалау мен алгоритмика, тіпті электромеханиканың бастапқы базасын меңгереді. Бұл робототехнология баланың есін, қиялын, аналитикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеті мен логикасын қалыптастырады.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы облыстық «Балабақшадағы ғылым»  STEM технологиясы бейне-роликтер конкурсына қатысып, ІІ орынға ие болды.

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст