Әріптесімізді құттықтаймыз!
Мектеп психологы болу-бұл күнделікті жұмысты қамтитын жауапты жұмыс. "Үздік психолог" байқауы психологтарға өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін түсінуге және бағалауға, одан әрі даму жолдарын анықтауға, жинақталған материалдармен бөлісуге көмектеседі. Аудандық "Үздік психолог" байқауының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге қатысуға Ақылбай ауылы орта мектебінің педагог-психологы Живушко Татьяна Александровна жіберілді. Облыстық байқауда Ақмола облысынан 19 қатысушы бақ сынады.
Ақылбай ауылы орта мектебінің педагог-психологы Татьяна Александровна Живушко барлық сынақтардан өтіп, 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар педагог-психологтар санатында 1 орын алды. Құттықтаймыз! Байқаудың республикалық кезеңінде Татьяна Александровнаға жеңіс тілейміз.