"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер

26.01.2017

«Жетім балаға (жетім балаларға)

және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе

қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Бурабай ауданының білім

бөлімімен, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі – www.egov.kz.

Мемлекеттік қызметті көрсету формасы: электрондық

(жартылай автоматты) немесе қағаз түрінде.

         Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы

Кодексінің 121-126 бабтары  және

Қазақстан Республикасы Білім және министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 және

2016 жылғы 21 қаңтардағы № 53 бұйрықтарымен бекітілген стандарттар негізінде

жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету

нәтижесі – мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1 қосымшаға сәйкес нысан

бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы аудандық әкімдіктің

қаулысы немесе мемлекеттік қызметтің осы стандартының 10 тармағында

қарастырылғаны негізі бойынша, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы

дәлелді жауап.

         Мемлекеттік қызметті көрсету

мерзімі мемлекеттік қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен

бастап (қабылдау күні және құжаттарды беру күні мемлекеттік қызметті көрсету

мерзіміне кірмейді) отыз күнтізбелік күнді құрайды.

         Егер қызметті алушы

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз түрінде үндеу білдірген

жағдайда нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басылып шығарылады және

қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

         Порталда мемлекеттік

көрсетілетін қызметтің нәтижесі қызметті беруші уәкілетті тұлғаның электрондық

сандық қолымен (әрі қарай - ЭСҚ) қойылған электрондық құжат түрінде «жеке

кабинетке» жіберіледі және сақталады.

         Мемлекеттік қызметті алу үшін

қызметті алушы  «Жетім балаға (жетім

балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)

қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке

басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) егер некеде тұрған жағдайда,

жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

4) егер некеде тұрса, көрсетілетін

қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6)

тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы

анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен

(бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және

психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы

туралы анықтама;

5) жұмыс орнынан берілген мінездеме;

6) некеде тұрған жағдайда некені қию

туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);

7) егер некеде тұрмаса қызметті алушының

нотариалды расталған өтініші;

8) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

9) балаға жалғыз ата-анасының немесе

екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың көшiрмелері;

10) осы мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың

(балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері

туралы берілген анықтама;

     

11) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама.

порталда:

1)               

көрсетілетін

қызметті алушының ЭЦҚ қойылған

электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2)               

жұбайының

(зайыбының) және бірге тұратын көрсетілетін қызметті беруші отбасының

мүшелерінің нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;

3)               

егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және

жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес

ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ №

907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық

диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

4)               

жұмыс орнынан мінездеменің

электрондық көшірмесі;

5)               

егер некеде тұрса некеге

тұру туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

6)               

баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

7)               

балаға жалғыз

ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттарының

электрондық көшірмелері;

8)               

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылық және қамқоршылық

бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты

жері туралы мәліметінің электрондық көшірмесі;

9)               

баланың оқу орнынан

анықтаманың электрондық көшірмесі.

Баланы тәрбиеге алуға үміткер

адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі жоғарыда аталған құжаттар

ұсынылғаннан кейін дайындалады.

Қосымша

ақпаратты Бурабай ауданының білім бөліміне 4-58-88 телефоны бойынша немесе

білім бөлімінің burabay.akmoedu.kz.

сайтында  алуға болады.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст