Бурабай ауданы білім бөлімінің
2017 жылға арналған жұмыс
жоспарына
түсіндірме хат
Мақсаты: Бурабай ауданының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік
беретін, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім
беру саласына басшылықты қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) білім және балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық және бағдарламалық құжаттарды орындауды
қамтамасыз ету;
2) жалпыға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету;
3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру саласында
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын орындау.
Білім бөлімінің 2017 жылға
арналған жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
1) Білім бөлімі Кеңесінің отырысы;
2) Басшылық ету және бақылау;
3) Білім беру ұйымдарында көшпелі
басшылық етуді және бақылауды жүзеге асыру;
4) Ауданның білім беру ұйымдарының басшыларын
аттестаттау;
5) Бөліммен және білім беру ұйымдарымен мемлекеттік қызметті жүзеге асыру;
6) Негізгі бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру;
7) Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет және заңнаманы қадағалау;
8) Педагогикалық кадрлардың біліктілік және кәсіби деңгейін арттыру;
9) Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын іске асыру; Жоспарға 170 іс-шара енгізілген және іске асырылады.