"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

04.09.2017

         28,29 тамыз күндері №7 мектеп-лицей базасында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбы бойынша Бурабай ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

         Кеңестің бірінші күні 800 педагог қатысқан 24 пән секциясы жұмыс істеді, 100-ден астам сөз сөйленді. Педагогтар жаңа оқу жылының ерекшелігін талқылады, жаңа оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен танысты, бағдарламаларды және нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеді.

         29-тамыз күні алқа отырысы болды,  оған қала және ауылдық білім беру ұйымдарының, бастауыш, орта және техникалық-кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, Щучинск қаласының және Бурабай кентінің, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлім басшылары, баспасөз шақырылды, барлығы 270 делегат. Кеңеске қатысушылар үшін әдістемелік көрме әзірленді, оның аясында білім мазмұнын жаңарту жағдайында аудан педагогтарының жұмыс тәжірибелері ұсынылды.

         Кеңес жұмысына Бурабай ауданының әкімі Қанат Серікұлы Қарауылов қатысты.

         Қатысушылар Бурабай ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің ұсыныстарын қабылдады.

         2016-2017 оқу жылының жұмыс қорытындысы бойынша аудан педагогтары мен білім беру ұйымдарын марапаттау өткізілді. Щучинск қ. №6 ОМ мен Қарашілік ОМ директорларына 2 жаңа мектеп автобусының кілттері табыс етілді.

         Музыкалық сыйлық ретінде жаңа оқу жылының қарсаңында концерт өткізілді.

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст