"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

29.09.2017

        2017  жылдың 28  қыркүйегінде  Щучинск қ.  №2  ОМ базасында  аудан  әкімі Қ.С.  Қарауыловтың  мұғалімдер  күнінің  қарсаңындағы  Бурабай ауданының  білім  беру ұйымдарына  жұмыс  істеу үшін  келген  жас мамандарымен  дәстүрлі  кездесуі өтті.

          Кездесуге  ауданның мектептері  мен  балабақшаларын  таңдап алған   47  педагог қатысты,  олардың  16 республиканың  жоғары  оқу орындарын,  31  колледждерді аяқтаған.  18  маман ауылды  жердің  мектептеріне 

орналасты.

          Сонымен  қатар, Мәдениет  үйінде  мұғалімдер күніне арналған   мерекелік  концерт және  салтанатты іс-шарада ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, Ақмола облысы білім басқармасының, аудан әкімінің, Бурабай аудандық мәслихатының, білім бөлімінің  Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттау  рәсімі  өтті.

Бұл мерекелік  іс-шараға  педагогикалық еңбек  ардагерлері  мен білім  беру  ұйымдарының  педагогтары  қатысты.

Просмотров: 526


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст