Жылдың үздік психологы
Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жыл сайын «Жылдың үздік психологы» конкурсын өткізеді.
2017 жылдың 6-қазан күні Щучинск қаласындағы «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығы базасында дәстүрлі түрде осы конкурс өтті.
Конкурстың тоғыз қатысушысы – Мәдениет орта мектебінің педагог-психологы Махаббат Епкеновна
Кусаинова, Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Ольга Викторовна Капезова, Щучинск қаласының №2 орта мектебінің педагог-психологы Ольга Михайловна Сушкова, Абылайхан атындағы орта мектебінің педагог-психологы Жанар Сайлаубаевна Макенова, Златополье орта мектебінің педагог-психологы Яна
Владимировна Марущак, Щучинск қаласының №3 орта мектебінің педагог-психологы
Ирина Викторовна Афанасьева, Щучинск қаласының №5 орта мектебінің педагог-психологы Салтанат Қалымжанқызы Сұлтан, Ақылбай ауылы орта мектебінің педагог-психологы Татьяна Александровна Живушко,
Досов атындағы орта мектебінің педагог-психологы Наталья Константиновна Катаева өздерінің эрудицияларын, ашықтықтарын және өз пікірлерінің сонылықтарын, кәсіби сауаттылықтарын көрсетті.
Конкурс бірнеше кезеңде өтті: сырттай (эссе, портфолио), іштей – өзін-өзі презентациялау, авторлық бағдарламаны ұсыну, тестілеу, психологиялы-педагогикалық жағдайды шешу.
3 жылға дейінгі жұмыс өтіл номинациясының жеңімпазы Щучинск қаласының №5 орта мектебінің педагог-психологы Салтанат Қалымжанқызы Сұлтан атанды, 3-тен 7 жасқа дейінгі жұмыс өтіл номинациясында 1-орынға Щучинск қаласының №3 орта мектебінің педагог-психологы Ирина Викторовна Афанасьева ие болды, 3-тен 7 жасқа дейінгі жұмыс өтіл номинациясында 2-орынды Абылайхан атындағы орта мектебінің педагог-психологы Жанар Сайлаубаевна Макенова алды, 7 жылдан жоғары жұмыс өтілі номинациясында 1-орын иегері Щучинск қаласының №2 орта мектебінің педагог-психологы Ольга Михайловна Сушкова атанды.
«Жылдың үздік психологы» аудандық конкурсы біздің педагогтар талантты екенін, және өз ісін жақсы көретінін
көрсетті. Оларға сәттілік және шығармашылық табыс тілейік!
Е.В.Вотинова, Бурабай
ауданы білім бөлімінің әдіскері