Баскетбол бойынша қорытынды жарыстар
2017 жылдың 10-12 қарашасы аралығында Щучинск қ. №7 МЛ базасында «Жастар-2018» оқушылар спартакиадасының бағдарламасы аясында баскетбол бойынша қорытынды жарыс өткізілді. Жеңіс үшін 2001 жылы және кіші ұлдар күресті. Жарысқа ауданның 19 мықты командасы қатысты.
Екі басшы команданың Веденов ОМ мен Первомай ОМ-нің қорытынды сайысы тамаша болды. Жеңімпаз атағы үшін күресте баскетболистер қарсыластарын 17 : 14 шотымен жеңді.
Қорытынды бойынша жеңімпаз атағын Веденов ОМ-нің (жаттықтырушы В.А.Хохлова) баскетбол командасы алды, екінші орынды Первомай ОМ-нің (жаттықтырушы Г.У.Капаров) балалары алды, ал «қола» медалі Атамекен а. ОМ-нің (жаттықтырушы С.С.Рублевский) комадасына тиесілі болды. Сондай-ақ, Златополье ОМ-нің (жаттықтырушы А.В.Колесников) командасы сәл ғана күш жетпегенін атап өткім келеді, нәтижесінде 4-орынға ие болды.
Жарыстың бас төрешісі: Н.А. Бурмистрова