"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Көптен күткен жаңартылған шағын орталықтың ашылуы

15.11.2017

Көптен күткен жаңартылған шағын орталықтың ашылуы

Щучинск қаласындағы «№4 орта мектебінде "Гүлдер"  шағынорталығында мектепке дейінгі ұйымға кезектіліктің сұрағы болған.  Бурабай ауданының білім бөлімінің басшысы  Ж.М.Тулегеновтың  шешімі бойынша,  мемлекеттік тілде оқытылатын қосымша шағын орталықтың  ашылуы мен  жөндеу жұмыстары жүзеге асты.  Осы топтың жөндеуіне қаржы бөлінді.    Жаңа топтың есігі қашан ашылатынын бүлдіршіндеріміз тағатсыздана күткен.

      Көптен күткен сәтте келіп жетті. 6 қараша күні мемлекеттік тілде оқытылатын топтың мерекелік шарасы өтті.

      Салтанатты ашылу рәсіміне білім бөлімінің басшысы Ж.М.Тулегенов, білім бөлімінің әдіскерлері  Г.А.Шайменова,А.Т.Токпакова қатысты.  Білім бөлімінің басшысына қызыл лентаны кесу құқығы берілді. Жағымды тілектер айтылды.

     Білім бөлімінің басшысы Ж. М. Тулегенов жаңа топтың ашылуы -нағыз мереке екенін атап өтті.Білім бөлімінің басшысы Ж.М.Тулегенов  № 4 орта мектебінің  әкімшілігіне  жаңа топтың уақытылы  ашылғанына  алғысын білдірді.

     Тәрбиеленушілер қонақтарымыздың басты сыйлығы бақытты және  қуанышты күлкісі екенін білдірді.

Сонымен катар, ата-аналар комитетінің төрайымы алғысын білдірді. Біздің ауданымызда шағын орталықтың ашылуына өте қуанышты екенін айтып, бұл менің отбасым  үшін мереке. Ашылған тобымыз өте әдемі,жайлы,жылы, қолайлы.  Балаларымызды осы шағын-орталықта қуана қарсы алатынына сенімдіміз. 

 

№4

орта мектебіндегі  «Гүлдер» шағын

орталығындағы «Раушан» тобының  ата-аналарының алғысы.

Просмотров: 467

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст