"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және тарату формалары туралы әдістемелік ұсыныстар

17.11.2017

Педагогикалық  іс-тәжірибені 

жинақтау және  тарату  формалары  туралы  әдістемелік  ұсыныстар

Кіріспе

         Ұсыныстарда  алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибені  анықтау,  зерттеу  және  жинақтау  бойынша  жұмысты  ұйымдастырудағы  негізігі 

тәсілдер  қарастырылған,  алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибенің  негізгі  түрлері  көрсетілген,  АҚІТ-ні  зерттеудің  негізгі  кезеңдері  сипатталған,  оны  сипаттаудың алгоритмі  берілген.  Аталмыш  әдістемелік  ұсыныстар  «Алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибені  өзіндік жинақтау,  жинақтау  және таратудың  ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері»  атты  Ақмола БҚБА  және  КДИ-ның  нұсқауларының  негізінде  жасалған.

         Ұсыныстар  педагогтар мен  мектептің  әдістемелік  бірлестік  (МӘБ)  жетекшілеріне,  директордың  әдістемелік  жұмыс  бойынша 

орынбасарларына  қолдануға  ұсынылады.

Құрметті  әріптестер!

           Аудандық  деректер банкі  төмендегі  қағидалар бойынша  қалыптастырылады:

1)  мұғалімдерінің  іс-тәжірибелерін  жаппай сипаттау  аудандық  деректер  банкіне  рецензиялау  және  тіркеу  үшін,  мектептердің 

әдістемелік  қызметтері  арқылы   педагогикалық  ұжымдарда  өздерінің  оқыту  және  тәрбиелеудегі  тұрақты  жоғары   нәтижелерімен,  өздерінің  көшбасшылығын  дәлелдеген ,  ерекше  кәсіптік  әзірлемелердің  авторы,  мектептің  практикалық  жұмысына  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  енгізу бойынша  қарқынды  әдістемелік  жұмыс  жүргізетін  мұғалімдердің  кім  екенін  анықтау  үшін  қабылданады.

2)  облыстық  деректер  банкіне  енгізу  үшін  мектеп  жасына дейінгі  мекемелердің  тәрбиешілерінің,  қосымша білім  беру  педагогтарының,  жалпы бастауыш,  негізгі  және орта  білім  беру мекемелері  мұғалімдерінің  жинақталған тәжірибесі  ұсынылады,  сол  сияқты,  мектептің  әдістемелік  қызметіне  және  жоғары деңгейдегі  жаңашылдығы  мен нәтижелілігі  бар  адамдарға пайдалануға  ұсынылады.

Просмотров: 860

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст