Аудандық «Әбіш оқулары» байқауы
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы - қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама.
Осы орайда, Елбасымыздың идеясын жүзеге асыру мақсатында аудан мектептерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 желтоқсанында
Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО орталығында ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері ,қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Сайысқа ауданның 8-11 сыныптарды қамтитын 15 мектебінен 52 оқушы қатысты.
Бұл байқаудың мақсаты – Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз
қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, рухани танымдарын ашып, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болып табылады Оқушылар «Ә. Кекiлбаевтың шығармалары (прозасы, поэзиясынан)мәнерлеп оқу», «Ә. Кекiлбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер», «Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба » және «Ә.Кекілбаев шығармаларына сахналық қойылым» сынды байқаулар бойынша мәнерлеп өлең оқудан,сахналық қойылым,сурет салу және ғылыми
жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ сынасты. «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей , байқау барысында шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен ,өнерпаздық қабілеттерімен ерекше көзге түскен Шучинск қаласының № 9 МГ,№5 ОМ,Атамекен а.ОМ,Зеленобор МГ,Мәдениет ОМ, Қарашілік ОМ, Абылайхан атындағы ОМ және өзге ұлт өкілдерінің арасынан Николаевка орта мектепінің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Жеңімпаздар Көкшетау қаласында өтетін облыстық «Әбіш оқулары» байқауына жолдама алды. Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!
Алдабергенова К.А., Білім бөлімінің әдіскері