Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Жариялау күні: 28.12.2017 12:09:00 |
«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4991-мен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарындағы нысандар:
бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
мектептің педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
оқушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
жеке іс қағаздары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-4-сыныптар үшін сынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-11 (12)-сыныптар үшін сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
факультативтік сабақтардың журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
мектепалды сыныптарының журналы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
оқушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
оқушының сабақ үлгерімі және тәртібі туралы табелді осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
оқушының сабақ үлгерімі және тәртібі туралы табелді осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
мақтау грамотасы және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
кеткен оқушыларды есепке тіркеу кітабы осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
келген оқушыларды есепке тіркеу кітабы 18-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;