"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ювеналды соттардың соттылығы

13.03.2023

Ювеналды соттардың соттылығы

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер соттылығына жатқызылған кешенді юрисдикциялық соттар ретінде құрылды.

Заң шығарушы ювеналды соттарға қаралатын істер шеңберін нақты анықтады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27 бабының 3 бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді; ата-ананың баламен қарым-қатынас тәртібін айқындау және басқа адамдардан баланы алып қою туралы; Бала ата-анасының бірімен республикадан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы; баланы асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкелігін белгілеу және одан алимент өндіріп алу туралы; он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табыстарына дербес билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы; Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы өтініштер бойынша (эмансипация); әке болуды белгілеу туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста алимент немесе қатты ақшалай сома өндіріп алу туралы; алимент мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толмағандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы.

         Кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілдерінің өтініші бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер, Республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың, облыс орталықтарының шегіндегі аудандық (қалалық) соттарға сотталатын істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша қаралуы немесе аудандық (қалалық) сотқа берілуі мүмкін.

Өтініш істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің және қылмыстық істердің соттылығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 684-баптың 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтарында және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 307-бабы 1-бөлігінің 1 және 2-тармақтарында айқындалған.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі

Айымгуль Кантарбаева

Просмотров: 3228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст