"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы

17.09.2019

2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық оқу – әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы мемлекет басшысының Жолдауын және облыстың орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесінің мазмұнының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Бурабай ауданына келді. Барлығы 38 директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары  қатысты.
Нұсқаулық - әдістемелік хатқа сәйкес «2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің инновациялық аспектілері, заманауи мектептің үрдістері мен ерекшеліктері, білім сапасын арттыру үшін мектепішілік бақылау мәселелерін практикалық шешу жөнінде, сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен облыстық оқу - әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п.ғ.к. Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы сөз сөйледі.
2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету, жаңа МЖМБС және оқу жоспарлары, 10-сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, «АКТ» және «Информатика» оқу пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуға көшу кестесі, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», АӘжТД оқу пәндерін енгізу мәселелерін жан-жақты қарастыру бойынша, сондай - ақ жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Бағаналинова Раушан Болатқызы сөз сөйледі.
Іс-шара соңында ағымдағы мәселелерді талқылау, шешу және қорытынды шығару өтті.

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст