"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Бала мен отбасы ауқымындағы мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы" бұйрық

29.01.2019

 

Облыстардың, Астана,Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеніне байланысты отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізді.

         Аталған стандарттар «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198

бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 684 бұйрығымен бекітілді.

Сонымен қатар,«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеп, бекітеді.

Осыған орай, көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту үшін жолданады.

Просмотров: 1044


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст