"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Білім басқармасы қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының іске асырылуы туралы хабарлайды. Оның негізгі мақсаты -балалардың үйірмелер мен секцияларда тегін сабақ алуы.

15.02.2022

Құжаттар тізімі

 

Білім басқармасы қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының іске асырылуы туралы хабарлайды. Оның негізгі мақсаты -балалардың үйірмелер мен секцияларда тегін сабақ алуы.

Осы жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін білім бөліміне (аумағы бойынша) келесіқұжаттарды тапсыруы қажет:

1)«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы білім беру бөлімі басшысының атына өтініш;

2) комиссия төрағасының атына нысан бойынша өтініш;

3) нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы ұйымның мәліметтері;

4) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар ғимараттың (үй-жайдың) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

5) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

6)Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);

7)тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде құжаттар тапсырылғанға дейін бір ай бұрын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтер;

8) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;

9) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;

10) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;

11) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі;

12) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы. 

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Просмотров: 1464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст