"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2025 жылғы 7 қазан күні Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.

09.10.2025

2025 жылғы 7 қазан күні Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқау жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ана тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ақындық пен шешендік қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға қазақ сыныптарында оқитын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, өз өнерлерін түрлі номинациялар бойынша көрсетті. Әр қатысушының таланты мен еңбегі әділ бағаланып, үздіктер марапатқа ие болды.
       🥇 Бірінші орын иегерлері:
 Тоқан Мухаммадәмин – Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
Номинация: «Шешендік, білгірлік сайысы»
 Қабибола Мәди – Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
Номинация: «Көркемсөз оқу»
 Қанат Медина – Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Номинация: «Эссе жазу»
 Бостандық Нурали – Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Номинация: «Ұлттық аспапта өнер көрсету»
•Сатылхан Абдулла – Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
Номинация: «Ақындар мүшәйрасы»
   Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шығармашылық табыстарыңыз – болашақта үлкен жетістіктерге бастар жол. Өнер мен білім жолындағы ізденістеріңізге сәттілік тілейміз!

Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст