Аудандық әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында өзекті мәселелер қарастырылды: 2020-2021 оқу жылына арналған оқушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою үдерісін сүйемелдеу бойынша аудандық іс - шаралар жоспарын іске асыру туралы, білім сапасын басқарудың басты құралдарының бірі – мектепішілік бақылау, білім беру ұйымдарында критерийлік бағалау жүйесін енгізу тәжірибесі, аудандық пән қауымдастықтарының жұмысын ұйымдастыру. Аталған бағыттар бойынша тәжірибені ұсынғандар: К.А. Махабанова «Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
З.К. Шаймерденова «Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; Б.К. Қасымов «Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының орынбасары;
Г.И. Сейдахметова «Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының орынбасары;
Т.Н. Коваль ЖМЦ мұғалімдер қауымдастығының жетекшісі; А.А. Қантарбаева бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі. Отырыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар, электорндық форматтағы құжаттар пакеті қабылданды. Отырыс ZOOM плафтормасы арқылы өтті.