"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Пилоттық жоба

19.02.2021

 

Пилоттық жоба

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Оқжетпес а. жалпы білім беретін мектебі адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымы мәртебесіне ие болды. Пилоттық жобаның мақсаты білім беру ұйымында жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін тұтас оқу-тәрбие ортасын құру болып табылады. Бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен оқушылар үшін жауапкершілік, ақ пейілдік, дербестік, құнттылық, табиғатқа, жақынға деген сүйіспеншілік, сыпайылық, ұқыптылық және т. б. сияқты оқушылардың адамгершілік-рухани қасиеттерін ашуға және дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасалуда. Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұсынымдарына сәйкес мектепте Өзін–өзі тану бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру бойынша пилоттық жобаның жоспары дайындалды. Мектептің міндеті –дербес өмірде сенімді сезінуге мүмкіндік беретін заманауи білім, дағдылар мен қасиеттердің қажетті жиынтығы бар түлекті дайындау.

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст