Қазақстан Республикасының төтенше жағдай кезінде «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасын қашықтықта, онлайн режимінде ұйымдастыру бойынша іс-шаралар ұсынысы

Педагог-психологтарға:

 

          Аталған бағдарлама аясында анықталған психологиялық сүйемелдеу тобының жасөспірімдерімен (бұдан әрі - ПСТ) қашықтықта, онлайн режимінде жеке жұмыс жүргізу:

- апта сайын, қажет болған жағдайда ПСТ оқушыларымен онлайн-сұхбат өткізу, WhatsApp, VK арқылы немесе қоңырау шалу (қоңыраулар кестесін жасау, бақылау журналдарында тіркеу);

- «Bilim Foundation» ҚҚ аймақтық координаторларымен хабарласып әдістемелік қолдау алу, қашықтықта, онлайн режимінде жасөспірімдерге жеке кеңес пен олардың ата-аналарына онлайн-кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда;

Білім беру ұйымдарының барлық кәмелетке толмаған жасөспірімдерінің психологиялық жай-күйін бақылау үшін келесі шараларды жүргізу:

- кәмелетке толмаған жасөспірімдерінің жалпы жағдайы туралы ақпарат алу үшін сынып жетекшілеріне және кураторларына хабарласу;

- сынып жетекшісі/куратор топтың мазасыздық жағдайы бойынша немесе кәмелетке толмағанның басқа белгілері бойынша ақпараттандырған кезде онлайн-кеңес өткізу қажет; 

   - «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VK және т.б. желілер арқылы  тарату.

 

Сынып жетекшілеріне/ Топ кураторларына:

 

- сынып жетекшісі/топ кураторларына кәмелетке толмаған жасөспірімдермен тәрбие сағаттарын онлайн режимінде өткізу кезінде, өзіне тән емес мінез-құлық белгілерін (мазасызданған, белсенді емес және т.б.) байқаған жағдайда,  білім беру ұйымдарының психолог маманын және әкімшілігін хабардар ету қажет;

- білім алушы мен оның ата-анасы 2 күн байланысқа шықпаған жағдайда білім беру ұйымдарының әкімшілігін хабардар ету;  

- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VK және т.б. желілер арқылы  тарату.

 

«Bilim Foundation» ҚҚ мамандарына:

 

 - жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жұмысын үйлестіру бойынша білім беру психологтарына әдістемелік көмек көрсету;

- жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен онлайн-консультациялар өткізу, қажет болған жағдайда ;

- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналық, педагогикалық және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VK және т.б. желілер арқылы  тарату үшін мектеп және колледждерге жіберу;

- жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына медициналық мамандармен (жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен психиатрлар) онлайн режимінде кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда.