"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мектеп мұражайларының материалдары бойынша «ҰОС батырлары - біздің жерлестеріміз» атты оқушылардың шығармашылық жобаларының, таныстырылымдардың, бейнероликтердің ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлестерді мәңгі

есте қалдыру.

Конкурстың міндеттері:

- Алғыс айту, өз халқы үшін мақтаныш сезімін дамыту.

- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

- Жобалық қызмет арқылы шығармашылық және іздеу – зерттеу белсенділігін жандандыру

Байқауға қатысушылар: байқауға мектеп мұражайларының жетекшілері,

7-11 сынып оқушылары шақырылады.

Байқауды өткізу тәртібі: өткізу форматы – сырттай. Қазылар алқасы сырттай түрде жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздардың жұмыстары аудандық БАҚ-қа жіберілетін болады.

Жұмыстар электронды түрде ұсынылуы тиіс.

Жұмыстың титулдық бетінде көрсетілуі тиіс:

• Білім беру ұйымының толық атауы, Ұйымның мекенжайы мен телефоны.

* Автор туралы мәлімет: Тегі, Аты, Әкесінің аты, сыныбы, туған күні, байланыс телефоны •

* Мұғалім туралы мәлімет: Тегі, Аты, Әкесінің аты, лауазымы, байланыс телефоны.

Жоба түрі: шығармашылық.

Конкурс өткізу мерзімі: жұмыстарды 25 сәуірге дейін жіберу керек.

Бағалау критерийлері:

* Жұмыстың конкурс тақырыбына сәйкестігі;

* тақырыпты толық ашу, мазмұндылығы;

* мазмұнның бірізділігі мен бірегейлігі;

* жұмысты безендіру және шығармашылық көзқарас.

Марапаттау:

Жеңімпаздар 1, 2 , 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады

Ескертпе:

Конкурстың үйлестірушісі: Скрипкина Ольга Владимировна, Зеленобор м/г мектеп мұражайының жетекшісі (87774742375).

Жаңартылған күні: 30.04.2020 10:24
Құрылған күні: 30.04.2020 10:24

Ұйымдар тізімі
Текст