Мұғалімдер оқиды
Вебинар форматында қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында мұғалімдер қызметтің өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Щучинск қ.№7 мектеп-лицейінің орыс тілі мұғалімі Жылкайдарова Айгуль Сагинбаевна(ҚҒЦ мұғалімдерін өзекті педагогикалық тәжірибені жалпылауға дайындау), Ломачинская Лориса Владимировна, А Акылбай ОМ ағылшын тілі мұғалімі (авторлық бағдарлама жазу тәжірибесі) өз тәжірибелерімен таныстырды. "Заманауи сабақ жаңа стандарттарды іске асыру ресурсы ретінде" шеберлік сабағын Щучинск қаласының №11 IT мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Жапарова Назгуль Байзоллаевна көрсетті. "PISA халықаралық зерттеулеріне мектептердің дайындығы туралы", "2020-2021 оқу жылына арналған білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою үдерісін сүйемелдеу бойынша аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы" білім бөлімінің әдіскері Вотинова Елена Владимировна ақпарат берді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды. Вебинардың барлық материалдары әрі қарай жұмыс істеу үшін мектептердің электрондық пошталарына жіберілді.