Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамасы және Ақмола облысындағы педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекітілді.Бұл біздің облыста алғаш рет болып отыр. Осы жылы Щучинск қаласының № 11 МЛ қазақ тілі мұғалімі А.Ж. Адбрахманова осындай атаққа ие болды.
Мұғалімге қойылатын талаптар: адал еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісі педагогикалық өтілі кемінде 20 жыл, "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты, Ақмола облысы деңгейінде жинақталған тәжірибесі, авторлық бағдарламасы бар және облыстық немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған, басып шығарылған оқу-әдістемелік кешеннің авторы (тең авторы) болып табылатын педагогке беріледі.