"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2020 жылдың 20 желтоқсанында қашықтықтан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

21.12.2020

Шеберлік пен шығармашылық нәтижесінің бастамасы
     2020 жылдың 20  желтоқсанында қашықтықтан  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің   аудандық әдістемелік  бірлестігінің  кезекті отырысы өтті. Отырыстың барысында қашықтық үрдісінде білім сапасын арттыруға ерекше мән берілді.Өздерінің «Заманауи сабақ жаңа стандарттарды  іске асыру ресурсы ретінде» атты шеберлік сағаттарында Щучинск қаласы №7 МЛ   мұғалімі  С.Е.Жалмағанбетова,Атамекен а.ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  А.С.Зикирина, Щучинск қаласы № 2 ОМ мұғалімі  М.Ш.Тастанбекова қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын арттыруда қазіргі әдіс-тәсілдерді қодану жүйесімен таныстырды.Сол сияқты ,мұғалімнің шеберлігі әр түрлі конкурстарға қатысу арқылы жетілетіні  жөнінде Абылайхан атындағы ОМ   мұғалімі Г.С.Көбенова  «Авторлық бағдарламаны жазу тәжірибесі. Мұғалімге қалай көмектесуге болады?.» және Щучинск қаласы № 9 МГ мұғалімі Б.М.Сапарбекова «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары» атты шығармашылықтарымен бөлісті. Ұстаз шығармашылығының нәтижесін алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені жинақтау арқылы көруге болады.Осы сұрақ төңірегінде  Щучинск қаласы № 11 IT-лицейнің мұғалімі А.Ж.Абдрахманова «Қазақ тілі мен әдебиеті    мұғалімдерін өзекті педагогикалық тәжірибені жинақтауға дайындау» атты  өз тәжірибесімен бөлісті. Отырыстың соңында мұғалімдер өзара пікір алмасып, әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст