«Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі шеңберінде 2020 жылғы 5 қазаннан 20 қарашана дейінгі аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК өткізілген «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қорытындысы шығарылды.
Фестиваль ерекшеліктері: қашықтықтан форматы. Байқауға республика мектептерінің 3000-нан астам оқушысы қатысты. 181 жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Гран-при – 38, Бірінші орын – 46, Екінші орын – 46, Үшінші орын – 51. Байқаудың қорытындысы номинациялар бойынша шығарылды.
«Эссе байқауы» номинациясы бойынша бірінші орын Щучинск қ. № 1 МГ оқушысы З. Хадиева иеленді, Н.В. Юдинцева мұғалім дайындады. Екінші орын Щучинск қ. № 5 ОМ оқушысы М. Щербакова иеленді, С.М. Полозова мұғалім дайындады.
«Әндер байқауы» номинациясы бойынша екінші орын Щучинск қ. № 7 МЛ оқушысы Я. Сердалина иеленді, Л.О. Бекболатова мұғалім.
«Көріністер байқауы» номинациясы бойынша екінші орын Щучинск қ. № 1 МГ оқушылары Т. Торғауытов, А. Легомин, К. Рызабек, А. Тұрсыпов, П. Ганичева, Ж. Шұғаипова, М. Ерғұсаев, В. Радченко, Я. Позняк иеленді. Я.В. Трихина мұғалім дайындады. Үшінші орын Ақылбай а. ОМ оқушылары С. Әнуарова, Э. Салинова, Д. Живушко, Р. Калюжний иеленді. Н.Т. Нарижная, Т.А. Живушко мұғалімдер дайындады.
Жеңімпаздардың суреттері, шығармалары, өлеңдері, қойылымдары, әндері жыл бойы «Өзін-өзі тану. Kz» журнал беттерінде және www.ozin-ozi-tanu.kz порталында жарияланады. Гран-при және 1 дәрежелі дипломдармен марапатталғандар С.А. Назарбаеваның «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ» атты дәйексөздер кітабын сыйлыққа алады!