Текст
Жас педагог мектебінің 《Педагогикалық үміт》 отырысы өтті. Жас педагог мектебінің мақсаты жас мұғалімді кәсіби қызметтің барлық салаларына біртіндеп қызықтыруды қамтамасыз ету, педагогтың кәсіби қызметінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Щучинск қ. № 5 ОМ ағылшын тілі мұғалімі О.В. Леонова қашықтықтан оқыту аясында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жас маманды мектепке бейімдеудің тиімді әдістері туралы Щучинск қ. № 2 ОМ ЖММ басшысы Г.С. Ержанова айтып берді. Жас мамандарға Щучинск қ. № 3 ОМ химия пәнінің мұғалімі И.А. Гаер 《Жас маманға арналған әдістемелік жинақ》 ұсынылды. Дарынды балалармен жұмыс жүйесін С.Сейфуллин ат. ОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары З.К. Шаймерденова ұсынды.