Аудандық пән қауымдастықтарының отырысы аясында шеберлік сағаттары өткізілді, олардың мақсаты аудан мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсету болып табылады. Ауданда әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда шеберлік сағаттары, интерактивті оқыту және тәжірибе алмасу жиі қолданылады. Шеберлік сағаттары "Google-мұғалім тәжірибесіндегі құрал", "оқыту бейнеролигін жасаудың тәсілдері мен ережелері" тақырыптары бойынша ұйымдастырылды.
Екі күн бойы Зеленобор МГ тарих мұғалімі Шарафутдинов Р. Г, Щучинск қ. №1 МГ бастауыш сынып мұғалімі Ботина О. В., Досов атындағы ОМ информатика пәнінің мұғалімі Иванец А. В.., Оқжетпес ОМ биология пәнінің мұғалімі Сеитова Г. Б., Зеленобор МГ орыс тілі мұғалімі Прохорова И. А.., және қазақ тілі мұғалімі Мухамеджанова Еркеназ қашықтықтан оқыту жағдайында қолданған және тәжірибеге сәтті енгізген АКТ технологияларымен таныстырып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.