Текст
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға Бурабай аудан мектептерінен жеті мұғалім қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынға Щучинск қ. №11 МЛ педагог-психологы Р.Е. Дискаева, а. Ақылбай ОМ ағылшын тілі мұғалімі Л.В. Ломачинская ие болды. 2 орынға Щучинск қаласының № 11 МЛ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Т.А. Луговская ие болды, қалған педагогтарға байқауға қатысушының сертификаттарын алды. Мәлімет үшін, байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 435 авторлық жоба ұсынылды. Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге 302 авторлық жоба жіберілді.