Тәрбие кеңесі
20.10.2020 жылы Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарларымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобаларының білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы.
2. Қашықтықтан оқыту режимінде тәрбие жұмысы.
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері.
4. Әр түрлі.
Кеңес барысында Білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Бекболатова мектептердің тәрбие жөніндегі орынбасарларын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары жайлы толық ақпаратпен таныстырып, өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы мәлімет берді. Екінші мәселе бойынша «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» және «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу» тақырыбында №9 мектеп-гимназиясы мен Зеленобор мектеп-гимназиясының тәрбие орынбасарлары баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Үшінші мәселе бойынша Білім бөлімінің бас маманы Меруерт Жанботинова Бурабай ауданы бойынша құқық бұзушылар жайлы мәліметпен таныстырса, №8 мектеп-гимназиясының тәрбие жөніндегі орынбасары мектеп қабырғасында құқық бұзушылардың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен кеңестер жайынан хабар берді.
Төртінші мәселе төңірегінде 3 сұрақ қарастырылды: «Балалар өкілдігі», «2020-2021 оқу жылының күзгі демалысын ұйымдастыру жолдары», «Білім ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар мониторингі» . Кеңес мазмұнды өтіп, қатысушылар қарастырылған мәселелер бойынша толық ұсыныстар мен өз сұрақтарының