Жас патриот
«Балдәрен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Балдәурен-2020: мүмкіндіктер уақыты» медиафорумы аясында 13-ші ауысымның жабылуы өтті. Ауысымның салтанатты жабылуы барысында жас қазақстандық Патриоттар Академиясына 7 бала қабылданып, олардың барлығына салтанатты түрде «Жас патриот» куәліктері және төсбелгілері табыс етілді.
Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №11 ІТ мектеп-лицейінің 9 А сынып оқушысы Ерліков Әлішер жас қазақстандық Патриоттар Академиясына мүшелікке қабылданып, куәлік пен «Жас патриот» төсбелгісінің иегері атанды.
№11 ІТ мектеп-лицейінің ұжымы Ерліков Әлішерді нағыз қазақстан патриоты болуымен құттықтап, болашақта «Алған белесінен, алар белесінің көп болуына тілектестік білдіреді!