Білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша
семинар - практикум
2018 жылдың 22 ақпан күні Златополье орта мектебінде «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы
білім беру негізі» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар – практикум өткізілді. Семинар- практикумға Веденов ОМ, Савинка НМ, Ұрымқай ОМ, Баянбай ауылының орта мектебінің 1,2,5,7 – сыныптарында білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер қатысты.
Іс – шаралар бағдарламасына сәйкес мұғалімдермен ашық сабақтар өткізілді. Т.В. Бекентаева 1-сыныпта сауат ашу, А.С.Горбачёва 2-сыныпта математика және жаратылыстану бойынша біріктірілген сабақтар, А.С.Алдабергенова 5-сыныпта математика сабағы, Н.В.Цебермановская 7-сыныпта орыс тілі сабағы.
Сабақтар қызықты және жемісті өткізілді. Педагогтар оқушылармен жұмы істеудің белсенді нысандары мен әдістерін демонстрациялады. Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қалыптастырушы бағалауды қолдану әдістері қаралды. Семинардың екінші кезеңінде дөңгелек үстел отырысы болды, онда педагогтар оқу үдерісіне жаңартылған білім
беру мазмұнын енгізу бойынша жинақталған тәжірибелерімен белсенді бөлісті. Семинардың аяғында заманауи тиімді және сапалы сабақтартың критериялары қалыптастырылды.
Кездесу тілектес, позитивті жұмыс атмосферасында өтті.
Е. Марандина,
білім бөлімінің әдіскері