«Орыс тілі мен орыс мәдениетін білгірлер»
оқушылар арасында конкурс
2018 жылдың 26-27 ақпан күндері «Орленок» Бүкілресейлік балалар орталығының «Достық көпірі» Халықаралық білім беру бағдарламасына қатысу үшін Қазақстан Республикасының оқушылары арасында «Орыс тілі мен орыс мәдениетін білгірлер» конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Конкурсқа Бурабай ауданының мектеп оқушылары
қатысты.
Конкурс барысында оқушылар келесі тапсырмаларды орындады: «Халықтың мәдениеті мен тілі бар кезде өл тірі» тақырыбына эссе жазды, орыс тілі және орыс мәдениеті бойынша олимпиада тапсырмалары, сондай-ақ оқушылар өздерінің портфолиоларын презентациялады.
Оқушылар жеңіске жету үшін өздерінің коммуникативтік қасиеттерін, зияткерлік сауаттылықтарын, зеректіліктерін, шешімдерді қабылдаудағы жылдам реакцияны және пән бойынша терең білімдерін қолданды. Конкурс жеңімпаздары:
- Сердюк Регина, Щучинск қ. №1 МГ 7-сынып оқушысы, 2-орын
- Енсегенова Аделина, Щучинск қ. №2 ОМ 9-сынып оқушысы, 2-орын
- Омарова Виктория, Щучинск қ. №3 ОМ 8-сынып оқушысы, 2-орын
- Сапануш Екатерина, Щучинск қ. №2 ОМ 7-сынып оқушысы, 3-оры
- Булатова Анель, Щучинск қ. №2 ОМ 9-сынып оқушысы, 3-орын
- Мартынкевич Маргарита, Щучинск қ. №3 ОМ 9-сынып оқушысы, 3-орын.
«Орыс тілі мен орыс мәдениетін білгірлер» атты конкурсына қатысушыларды құттықтаймыз, оларға оқуда жетістік және жеңістерге жете берсін дейміз!
Е.Ю.Марандина,
білім бөлімінің әдіскері