Текст
"Бурабай ауданының білім бөлімі" ММ-де а.ж. 17 маусымында сағат 12.00-де бас маман А. У. Теміровамен білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлық туралы түсінік пен тетіктерді ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жария ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы сөйлесу.