"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

01.02.2017

25  қаңтар   2017 жылы  Щучинск  қаласының 

№2  орта мектебінің  базасында «Жүйелік-қызметтік

тәсіл негізіндегі қазіргі сабақ» атты  тақырып  бойынша ауданның орыс сыныптарындағы қазақ

тілі мен қазақ әдебиеті пәні   мұғалімдері  үшін семинар-практикум  өтті.

   Семинардың практикалық бөлімінде  Абдрахманова Индира Сағатқызы

6-сыныпта ,тақырыбы «Көліктің түрлері»,Жармағанбетова Қарлығаш Сағатқызы қазақ

тілі 1-сынып ,тақырыбы «Саяхат»,Шүленбаева Самал Рашитқызы 3-сынып «Мен не

білемін?» ашық сабақтарын өткізіп, Оразалина Шайза Ерсайынқызы 7-сыныптар

арасында «Жарыс сабағы» атты сыныптан тыс жұмыс жүргізді.

     Мұғалімдердің берген сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып,білімдерін көрсете

білді.     Семинардың  теориялық бөлімінде Щучинск қаласы № 6 ОМ  орыс сыныптарындағы қазақ

тілінің   мұғалімі Ережепова Сәуле Мухамедрахимовна «Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен оқушылардың

ауызекі тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту жолдары»  және Щучинск қаласы №8МГ орыс сыныптарындағы

қазақ тілінің   мұғалімі Кенжина Айнаш Бурумбаевна  «Инновациялық технологилардың элементтерін қолдана отырып,оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» атты шеберлік сағаттарын өткізді.

    «Мұғалімнің құзіреттілігі –сапалы білім негізі» тақырыбы бойынша Щучинск қаласы № 2 ОМ  орыс сыныптарындағы қазақ тілінің   мұғалімідері Тастенбекова Махпал Шүкрибековна мен Турлубаева Айгуль Мукажановна өз іс

–тәжірибелерін презентациялады.

   Семинар соңында Щучинск қаласы №1 МГ әріптестеріміз Жармұханбетова Эльмира Махметовна мен Бралина Мадина

Жолдангаровна «Қазіргі сабақтың өткізілу жүйесі» бойынша коучинг  өткізіп ,қорытындысын шығарды.  

Қатысушы ұстаздар семинар соңында өзара пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға  салды.

Просмотров: 966


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст